send link to app

Qalqan - тасбих, зікір, дұға


4.4 ( 7264 ratings )
Referans Yaşam Tarzı
Geliştirici: Farabi Bimbetov
ücretsiz

Сөзсіз, барлық мақтау жалғыз Аллаға ғана тән! Оны ғана дәріптейміз, Одан ғана жәрдем тілейміз әрі жалғыз Оған ғана құлшылық қыламыз. Сүйікті пайғамбарымызға Алланың игілігі мен сәлемі болсын.

Расында, біздің әрбір сәтіміз Раббымыздың сәттілігі мен рахымымен өтіп жатыр. Алланы еске алған сайын жүректер тыныштық табады. Оны еске алсаң, Ол қуанады. Оны еске алсаң, Ол да сені еске алады. Раббымыз не деген керемет еді?!

Біз Аллаға дұға қылып, мінәжат етуге өте мұқтаж жандармыз. Таңымыз Алланың қалауымен атады, кешіміз де Оның мейірімімен батады. Барлық жаратылыс атаулы Оны ертелі-кеш дәріптеп, Оған мақтау айтады.

Алла Тағала қасиетті Құранда былай деп айтады:
“Ертелі-кеш іштей жалбарынып һәм (қаһарынан) имене отырып, бәсең дауыспен Раббыңды зікір ет. (Ақиқаттан бейхабар) ғапылдардың қатарына қосылма”.
“Әл-Ағраф” сүресі, 205 аят

Пайғамбарымыз: «Раббысын (зікір етіп) еске алатын адам мен Оны (зікір етіп) еске алмайтын адамның айырмашылығы тірі мен өлінің мысалындай»,-деген. (Бұхари).

«Дұға – мүминнiң қаруы, дiннiң тiрегi, аспан мен жердiң нұры»

Сіздерге осы қосымша арқылы Алла елшісінің таңда және кеште оқуды үйреткен дұғаларын ұсынып отырмыз.

Қосымшаға қатысты қандай да ұсыныс, пікірлеріңіз болса, қуана қабыл етуге дайынбыз.